Даңқы өшпес ерлікке мәңгі құрмет. Дорогой славы и бессмертия

          Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Даңқы өшпес ерлікке мәңгі құрмет. Дорогой славы и бессмертия» атты фотоқұжаттық көрме дайындады. Ол 2015 жылғы 14 қаңтар күні Павлодар қаласының Достық үйінде «Отан қорғау жолындағы батыр» («Герой на защите Отечества») атты салтанатты іс-шарада көрсетілді.

Толығырақ...

Баспасөз-релизі

 

        Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Даңқы өшпес ерлікке мәңгі құрмет. Дорогой славы и бессмертия» атты фотоқұжаттық көрме дайындады. Ол 2015 жылғы 14 қаңтар күні Павлодар қаласының Достық үйінде «Отан қорғау жолындағы батыр» («Герой на защите Отечества») атты салтанатты іс-шарада көрсетіледі.

Толығырақ...

«Павлодар облысы мемлекеттік мекемелерінің ведомстволық мұрағаттарында мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері»

 

         Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты 2014 жылғы 31 қазанда «Павлодар облысы мемлекеттік мекемелерінің ведомстволық мұрағаттарында мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері» атты семинар-кеңес өткізді. Семинарға облыстық басқармалардың, Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы жүйесіндегі мекемелердің өкілдері шақырылды.

 

Толығырақ...

«Жеңімпаздар» қатарынан қалмауы тиіс

          Жыл өткен сайын Отан үшін ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Соғыстың сипаты- Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсізсоғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. 1941-1945 жылдар ішінде әскер қатарына  облыстан 40486 адам жөнелтілген.

Толығырақ...

«Лебяжі ауданына 75 жыл» фотоқұжаттық көрме

         2014 жылғы 5 қыркүйекте Аққу ауылында Лебяжі ауданының құрылғанына 75 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

         Аудандық Мәдениет үйінің фойесінде ауданның мерейтойына арнап Павлодар облысы меммұрағаты Лебяжі бөлімінің қызметкерлері «Туған жерім – сен қымбатсың басқадан» атты фотоқұжаттық көрмені көпшіліктің назарына ұсынды.

Толығырақ...

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке бірлік, татулық пен  бақыт ала келсін.
Сіздерге берекелі ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, еліміз гүлденіп, көркейе берсін!
Ұлыс оң болып, әрбір күн көктемнің шырайлы күніндей шуақты болсын!

Ізгі тілектермен,                                                Павлодар облысының мәдениет,            
мұрағаттар және құжаттама                                               
басқармасы

Баспасөз хабаршысы

2014 жылғы 23 ақпанда «Достық» концерттік залында Павлодар облысының шешен-ингуш диаспорасы өкілдерінің Солтүстік Кавказ халықтарын Қазақстан мен Қырғызстан аумағына депортациялаудың 70 жылдығына арналған кездесуі өтті. Концерттік залдың фойесінде «Дәуір қасіреті.Печальной памяти Указ…» тақырыбындағы фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде жұртшылық назарына 1944 жылы шешен және ингуш халықтарының Павлодар облысының аумағына депортациялануы, оларды орналастыру, олардың облыс өнеркәсіптік өндірістеріндегі, совхоздар мен колхоздардағы  еңбек жолдары, отандарына қайта оралуы және т.б. туралы сыр шертетін Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты мен Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағатының қорларында сақталған құжаттар ұсынылды.

Толығырақ...

Баспасөз хабаршысы

2014 жылдың 6 ақпанында Әскери Данқ музейінде интернационалист жауынгерлердің Ы.Алтынсарыин атындағы мектеп оқушыларымен. № 19 мектеп оқушыларымен, облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылуына 25 жыл толуына арналды. Кездесуге қатысушылардың назарына Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты дайындаған «Дәуір бізді таңдады... Время выбрало нас...» фотоқұжаттық көрме ұсынылды.

Толығырақ...

«Қазақстан Республикасының мұрағат ісі: өткен жол кезеңдері (1998-2013)» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2013 жылғы 19 желтоқсанда «Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ бас маманы Дәулетбаева Х.Д., «Павлодар облысының мемилекеттік мұрағаты» ММ директоры Мақажанова Қ.Ғ., «Екібастұз қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ директоры Темірханов Т.Т., «Ақсу қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ мұрағатшысы Жилетбетова Ү.Р. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының 15 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының мұрағат ісі: өткен жол кезеңдері (1998-2013)» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Толығырақ...

Құттықтау

Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұжымы мен облыс мұрағатшылары басқарма басшысы Халел Хайроллаұлы Әкімхановты «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталуымен шын жүректен құттықтайды.

Толығырақ...

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...