Лебяжі бөлімі - Қорлар жөніндегі мәлімет

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Лебяжі бөлімінде сақтаудағы құжаттардың құрамы мен мазмұнына жалпы сипаттама.

Лебяжі аудандық мұрағаты Лебяжі ауданыны әкімшілігінің басшысының 1993 жылғы 28 қаңтардағы № 243 шешімімен құрылған.

2009 жылдың 1 қаңтарында Павлодар облысыс мемлекеттік мұрағатының Лебяжі бөлімінде сақтауда 76 қор, 27013 сақтау бірлігі бар. Негізгі қызмет бойынша құжаттар - 17074 сақтау бірлігін құрайды. Оған ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындардың, ауданның совхоздары мен колхоздарының негізгі қызметіне қатысты бұйрықтар, штаттық кестелер және шығындар сметасы, жылдық статистикалық есептер және басқа құжаттар жинақталған. Жеке құрам бойынша құжаттар 9636 сақтау бірлігін құрайды, құрамындағы құжаттар бұйрықтар, дербес есепшоттар және қызметкерлерге еңбекақыны аудару тізімдемесі. Жеке тектік құжаттар бойынша 303 құжат бар. Сақтаудағы құжаттар 1927 - 2002 жылдар аралығын қамтиды. Мұрағатты қалыптастыру көзі болып табылатын мекемелер саны - 35.

Меммұрағаттың Лебяжі бөлімінде сақтаудағы құжаттардың тізімдемесі бар. Тізімдемелер қорлардағы құжаттарды топтастыруды бекітеді және құжаттардың ғылыми-анықтамалық аппарат нормасына сәйкес келеді.

Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару ұйымдарының қорларына жататындар - Лебяжі ауданы халық депуттары Советі және оның атқару комитеті (аудандық атқару комитеті, 1940-1989); Лебяжі ауданы еңбекшілер депутаттары Советінің атқару комитеті (1952-1995); Малыбай халық депутаттарының селолық Советі және оның атқару комитеті (1935-1993); Қызылағаш еңбекшілер депутаттарының селолық Советі (1940-1993); Восточный еңбекшілер депутаттарының селолық Советі (1955-1993); Жамбыл еңбекшілер депутаттарының селолық Советі (1938-1993); Ямышево еңбекшілер депутаттарының селолық Советі (1927-1993); Шарбақты еңбекшілер депутаттарының селолық Советі (1939-1995); Шақа еңбекшілер депутаттарының селолық Советі (1940-1993); Қызыләскер еңбекшілер депутаттарының селолық Советі (1961-1990); Қазы еңбекшілер депутаттарының селолық Советі (1979-1992); Майқарағай еңбекшілер депутаттарының селолық Советі (1936-1993); Лебяжі селосы әкімінің аппараты (1994-2000); Қызылағаш селолық округі әкімінің аппараты (1993-2000); Ямышево селолық округі әкімінің аппараты (1991-2000).

Халық депутаттары және еңбекшілер депутаттары Советтерінің құжаттарында атқару комитетінің сессиялары және отырыстарының хаттамалары; жоспарлар, штаттық кестелер және есептер, жергілікті Советтерге депутаттарды сайлау құжаттары бар. Сақтаудағы ерте құжаттар - Ямышево еңбекшілер депутаттарының селолық Советінің 1927-1938 жылғы құжаттары. Онда сайлау құқығынан айырылған тұлғалардың тізімі, қоныс аударуға жататын кулактар отбасының тізімі, кулактардың мүліктерінің тізімі, колхоз мүшесі құрамынан шығарылғандардың мінездемесі, кулактардан жауап алу хаттамасы сақталған.

Мемлекеттік және халықтық бақылау, жоспарлау және статистика, экономика, қаржыландыру және сақтандыру құжаттары кешендері келесі қорларда топтастырылған - Лебяжі ауданы еңбекшілер депутаттары советі атқару комитетінің жоспарлау комиссиясы (аудандық жоспарлау комиссиясы, 1967-1988), Лебяжі аудандық ақпаратты-есептеу станциясы (РИВС, 1967-1985); Лебяжі аудандық қаржы бөлімі (1939-2004); Экономика және қаржы басқармасы (1999-2003); Лебяжі аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясы (1974-1991); Павлодар сақтандыру фирмасының Лебяжі филиалы (1991-1997); Экономика және кәсіпкерлікті дамыту бөлімі (2000-2003).

Ауыл шаруашылығы басқармасы және оның кәсіпорындары құжаттары келесі қорларда топтастырылған - Лебяжі аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы (1965-2003); Лебяжі аудандық агроөнеркәсіп одағы (РАПС, 1986-1991); Павлодар облыстық малдарды дайындау және бордақылау трестінің «Малыбай» совхозы (1947-1992); «Лебяжі» қой шаруашылығы совхозы (совхоз, 1936-1992); «Восточный» астық шаруашылығы совхозы (совхоз, 1954-1992); Жамбыл атындағы қой шаруашылығы совхозы (совхоз, 1940-1992); «Қазы» қой шаруашылығы совхозы (совхоз, 1961-1992); «Қызылқоғам» қой шаруашылығы совхозы (совхоз, 1952-1992); «Майқарағай» қой шаруашылығы совхозы (совхоз, 1942-1992); «Бесқарағай» мемлекеттік асыл тұқымды мал заводы (1937-1993); АҚ «Бесқарағай асыл тұқымды мал заводы» (1993-2000); № 23 қой шаруашылығы совхозы (совхоз № 23, 1939-1992). Советтік шаруашылықтар таратылған және қайта құрылғаннан кейінгі кезеңдеріндегі құжаттар ұйымдық үлестік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (КДСП), өндірістік кооперативтер (ПК), ұйымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (КСП), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ТОО) (1993-2000) қорларында сақтауда.

Орман шаруашылығы мекемесі - Майқарағай орман пункті (1941-1946).

Құрылыс кәсіпорны - Лебяжі ПМК (1964-1993).

Тұтыну кооперациясы ұйымдары - Лебяжі аудандық тұтыну қоғамдар одағы (аудандық тұтыну қоғамы, 1941-2004).

Тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорны - Лебяжі аудандық тұрмыс комбинаты (1957-1994).

Еңбекпен және әлеуметтік қамтамасыз ету мекемесі - Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі (1965-1976).

Халыққа білім беру басқармасы органы - Халық депутаттары Лебяжі аудандық кеңесі атқару комитетінің халыққа білім беру бөлімі (аудандық білім бөлімі , 1940-1983).

Денсаулық сақтау мекемесі - Лебяжі аудандық орталық ауруханасы (1941-2001).

Мәдениет, ғылым және баспа мекмелері мен ұйымдары - «Ленинский путь», «Ленин жолы» газеттерінің редақциясы (1965-1985); Лебяжі аудандық депутаттар және еңбекшілер Советі атқару комитетінің мәдениет бөлімі (1949-1998); Лебяжі аудандық баспаханасы (1965-1987).

Әділ сот органы - Лебяжі халықтық соты (1941-1996).

Нотариалдық конторлар құжаты - Лебяжі мемлекеттік нотариалды конторы (нотариус, 1978-1995).

Жеке тектік құжаттар қорлары - ішкі істер органының ардагері М.Садықовтың; Ұлы Отан соғысы ардагерлері - М.Қарабаевтың, Қ,Рақымбаевтың, Н.Даниловтың, Д.М.Сальниковтың, И.П.Кобляковтың, К.Ж.Кашовтың; партия және еңбек ардагері, ГУЛАГ лагерінің бұрынғы тұтқыны Қ.Әкіжановтың; партия және еңбек ардагерлері - Ш.Садықованың, Б.Әбенованың; еңбек ардагері, алғашқы тың игерушілердің бірі И.Яценконың құжаттарынан тұрады. Қорларда ардагерлердің өмірбаяндық құжаттары, қоғамдық-саяси және еңбек кезеңдерін қамтитын құжаттар, марапаттаулар, орден-медальдары, құттықтау хаттары және фотосуреттері сақтауда. Жеке тектік құжаттар өздерінің әртүрлілігімен қызықты және экскурсия, фотоқұжаттық көрме даярлауда, мектеп сабақтарын өткізу кезінде қолданылады.

 

Сведения о фондах, хранящихся в Лебяжинском отделе госархива области, 117.5 kb
Қорлар туралы қысқаша анықтама, 171.5 kb

 

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...