Құрметті қонақтар!
Павлодар облысының мұрағат қызметі сіздерге біздің сайтымызға қош келдіңіздер дейді, және де тарихи құжаттарды іздеп, оларды пайдалануда бірігіп жемісті еңбек етеміз деп сенім білдіреміз.
Павлодар облысының мұрағат қызметі XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап бүгінгі күнге дейін Ертістің Павлодар өңірінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінен жеткілікті тарихи мағлұмат беретін ретроспективті ақпараттық құжаттарды сақтайды.
Сақтаулы құжаттық тарих аймақтың дамуына өлшеусіз үлес қосқан көптеген павлодарлықтардың өмірі мен қызметі жөніндегі кең материалдарға бай.
Павлодар облысының мұрағат қызметі тарихи материалдарды іздеуге барынша көмек көрсетуге және де Сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге дайын.
Қош келдіңіздер!