Көрме

Павлодар облысыныңмемлекеттік архиві Баянауыл бөлімінде 2016 жылдың 4-12 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің71 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі

халыққа арналған жадынама

Толығырақ...

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:
ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметті Парламент депутаттары мен
Үкімет мүшелері!
Ханымдар мен мырзалар!

Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын.

Толығырақ...

«Боздақтар» естелік кітабының бесінші томының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы

2015 жылғы 22 желтоқсанда облыс меммұрағатында «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің басшысы Х.Х. Әкімхановтың төрағалығымен, 1994-2014 жылдары аралығында басылып шығарылған «Боздақтар» естелік кітабының бесінші томының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылға арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2015 жылғы 30 қарашада «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-де Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылға арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»аттыҚазақстан халқына Жолдауын телеарнадан тікелей эфир арқылы ұжымдық көріп, тыңдау ұйымдастырылды.

Толығырақ...

«Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сіндегі семинар

      2015 жылдың 4 тамызыда «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі «Радуга взаимного сотрудничества» жобасы шеңберінде әдістемелік семинарға «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің мұрағатшыларын: Есімханова К.О., Аубакірова А.Ж., Стрелецкая Т.Р., Жексенова Б.Ш., Мажит А.Е. дәріскерлер ретінде шақырылды.

 

Толығырақ...

Халықаралық конференция

             2015 жылдың 4 маусымы күні «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан халқы Ассамблеясы және Еуразиялық ықпалдастық орталығы Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылына және Павлодар облысы мемлекеттік мұрағат қызметінің 90 жылдығына арналған «Қазақстан халқының ұлтаралық және мәдениаралық қарым-қатынасының тарихындағы мемлекет, қоғам, мұрағат» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
 
 

«Сарыарқа самалы» газетіне арналған мақала - Ер есімі ел есінде

«Сарыарқа самалы» газетіне арналған мақала

Ер есімі ел есінде

       Милевский Максим Иванович – Павлодар облысы Лозов ауданы (қазіргі – Успен ауданы) Павловка селосында кедей шаруалар – Милевский Иван Ефимович пен Милевская Татьяна Борисовнаның отбасында дүниеге келген. Ұлты – украин. Қазан революциясына дейін Милевскийлер отбасы егін шаруашылығымен айналысты, ал 1929 жылы «Буденный» атындағы ұжымшарға мүше болып енді. 1930 жылдан 1941 жылға Максим Милевский Павловка орта мектебінде оқуға түсіп, 1941 жылы 8 сыныпта отбасының нашар тұрмыстық жағдайына байланысты оқуды тастап кетуге мәжбүр болады. Ал өзі  «Буденный» атындағы ұжымшарда еңбек жолын бастады.

       1942 жылдың ақпан айында он тоғыз жастағы Максим Милевскийді Лозов аудандық әскери комиссариаты Қызыл Армия қатарына шақырып, Чуваш АКСР-ның Чебоксары қаласындағы кіші командирлер мектебіне жібереді. Кіші командирлер мектебін тамамдағаннан кейін, ол өз еркімен майданға аттандыру туралы рапорт жазып, соғыс қимылдарына 1942 жылдың желтоқсан айынан бастап Сталинград майданы, 1943 жылдың наурыз айынан бастап Оңтүстік майданы, 1943 жылдың тамыз айынан бастап 4-ші Украин майданы, 1944 жылдың шілдесінен бастап 1-ші Прибалтика майданы, 1944 жылдың желтоқсан айынан бастап 3-ші Белорус майданы құрамында араласқан.

Толығырақ...

Рубаев Сапар

Даңқ  орденінің  толық  кавалері Рубаев  Сапар жайында мәлімет өте аз. Тек оның Павлодар қаласында 1919 жылы туғаны белгілі. Ол 1939 жылы Қызыл Армия  қатарына шақырылады. Сонда полк мектебін оқып,  бітірген. Майданға 1941жылдың маусымда аттанады. Ол 232–ші  танкке қарсы жеке жоюшылар дивизионының 76 мм-лік  зеңбірегінің командирі болады.

Толығырақ...

Успенка ауданының 80 жылдығына арналған мақала

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...