Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «ХVIII-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси кеңістігінің трансформациясы: зерттеудің жаңа көздері мен заманауи тәсілдері» тақырыбында халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының тарихшы ғалымдары қатысты.
Павлодар облысының мемлекеттік архивін облыс мемлекеттік архивінің басшысының орынбасары Н. А. Кубиктің «Болыстық басқарушыдан мемлекеттік Думаның депутатына дейін: Темірғали Нүрекенов және империялық дәуірдегі болыстық басқару институты» баяндамасымен таныстырды.
Конференция қонақтары Павлодар облысының мемлекеттік архив қорларынан «ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Павлодар уезінің тарихынан» атты көрмесінің бірегей құжаттарымен қызығушылықпен танысты.