«Қазақстан өңірлерінің тарихы: архив дереккөздері, ауызша тарих және фольклорлық мұра» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында «Қазақстан өңірлерінің тарихы: архивтікдереккөздер, ауызша тарих және фольклорлық мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан, Иран, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан ғылыми қоғамдастығының өкілдері қатысты.

 

Конференцияны институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі З.Е. Кабульдинов қатысушыларға құттықтау сөзімен ашты.

Конференцияның пленарлық отырысында қазақ дала элитасының көрнекті өкілі, саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері Темірғали Нүрекеновке арналған баяндамамен Павлодар облысы мемлекеттік архивінің басшы орынбасары Н.А. Кубик сөз сөйледі. Іс-шара қатысушыларына мұрағат құжаттары, мерзімді баспасөз және отбасылық шежіре негізінде қайта жаңғыртылған Т. Нүрекеновтің өмірбаяны таныстырылды: оның Семей уезінің Сейтен болысында болыс басқарушысы қызметінде болуы, «Дала уалаяты газетімен» ынтымақтастығы, ресей императорлық әулетінің салтанатты іс-шараларына қатысуы, Қарқаралы петициясын дайындауы, депутаттық және қайырымдылық қызметі жайлы баяндалды.