«Память о прошлом – 2020» атты IX тарихи – архив форумы

2020 жылғы қазан айында Самара қаласындағы Ресей мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған «Память о прошлом – 2020» атты IX тарихи – архив форумы өтті. Коронавирус індетіне (COVID-19) байланысты қалыптасқан жағдайға сәйкес аталмыш шара сырттай өткізілді.

Форум жұмысына 60 ұйымнан, соның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Донецк халық республикасы және Ресейдің 13 аумағынан 200-ден аса адам қатысқан.

«Память о прошлом – 2020» IX тарихи-архив форумының материалдар жинағына ұйымдастыру комитеті іріктеп алған 77 баяндама мен мақалалар енген. Осы жинаққа Павлодар облысы архивистерінің «Кабыш Куктаев – Герой без награды» атты мақаласы енді. Павлодарлық Қабыш Көктаев Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ұсынылған болатын. Алайда ол басқа наградалармен марапатталған еді.

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...