«Жеңімпаздар-Победители» кітабының 2-ші басылымы

Облыстық, қалалық және аудандық архивтердің қызметкерлері үш томдық «Жеңімпаздар-Победители» кітабының екінші басылымын әзірлеп, мәдениет пен білім берудің кітапхана жүйелеріне берді.

Ұсынылып отырған басылым шайқас даласынан елге аман оралып, бейбіт өмірде Павлодар өңірінің дамуы мен гүлденуіне жасампаз еңбегімен елеулі зор үлес қосқан Ұлы Отан және Кеңес-жапон соғыстарына қатысушы­- павлодарлықтар туралы қысқа өмірдеректі мәліметтерді қамтиды. Олардың ішінде­­ – Павлодар облысынан жұмысшы-шаруа қызыл армияға (ЖШҚА) шақырылғандар да және  облысымыздың құрылыстарына, кәсіпорындарына, ұйымдары мен шаруашылықтарына еңбек етуге келіп, осында өздеріне екінші отан тауып алғандар бар.

Кітапта облыстың мемлекеттік архиві, қорғаныс департаментінің архиві қорларынан алынған мәліметтер, ардагерлер ұйымдарының, мектеп және өлкетану музейлерінің, Павлодар облысы азаматтарының жеке және отбасылық архивтерінің материалдары, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің «Подвиг народа в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»­ - электрондық құжаттар банкісінің және «Память народа» порталының деректер пайданалынған.

 Басылым Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналады және Ертістің Павлодар өңірінің тарихы қызықтыратын барлық тұлғаларға ұсынылады.

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...