Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының өкілі – ақпараттық түсіндіру жұмыстары бөлімінің бас сарапшысы В.Е. Сафронова «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ қызметкерлеріне аталған жүйе бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жиында, мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі медициналық қызмет туралы мәселелер мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сөз қозғалды және филиал өкілі В.С. Сафронова қызметкерлер сұрақтарына жауап берді.