Павлодар облысы архиві қызметінің жұмысы туралы

Павлодар облысы архиві қызметінің жұмысы туралы, алға қойған мақсат-міндеттері жайлы Павлодар облыстық радиосының тікелей эфирінде бағдарлама жарық көрді. 2020 жылғы 3 ақпан күні облыстық радионың эфирінде Павлодар облысы мемлекеттік архивінің басшысы М.Байзельдинова мен басшының орынбасары Қ.Мақажанова мекеменің жұмысы, «Архив-2025» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоспарлар туралы, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін және архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметінің көрсетілуі жайлы сөз қозғады.