Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде атақты жерлесіміз

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде атақтыжерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің Павлодар облысының мемлекеттік архивнде сақтаудағы бірегей жеке тектік құжаттары негізінде батырдың 100 жылдығына арналған мектеп сабағы өтті.

Қанаш Қамзиннің өмірбаяны, оның ерлігі және жерлесіміздің есімін мәңгі есте сақтау қажеттігі туралы оқушыларға облыстық мемлекеттік архивтің ғылыми-ақпараттық қызмет бөлімінің басшысы Н.А. Кубик баяндап, айтып берді. Архив қорларындағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жерлесіміздің фотосуреттері, марапаттау, мектеп, ҚазПИдің жұмыс факультетін аяқтағандығы жөніндегі құжаттары, сонымен қатар Қ. Қамзиннің 1944 жылы 10 қаңтарда, яғни оның қайтыс болуының азақ алдында жазған хаты, сабақ барысында ерекше қызығушылық тудырды