2018 жылғы 9 қарашада Павлодар облысының мемлекеттік архивінде облыс мемлекеттік архиві бөлімдері және аумақтық бөлімдері басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.

2018 жылғы 9 қарашада Павлодар облысының мемлекеттік архивінде облыс мемлекеттік архиві бөлімдері және аумақтық бөлімдері басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңесте құжаттарды сандық форматқа көшіру, «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметтін сапалы әрі уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы жайлы мәселелер, аудандық архив мекемелеріндегі прблемалар, өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуы, ғимараттардың күзетілуі туралы мәселелер талқыланды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде архивтік құжаттарды цифрландырудың проблемалары мен перспективаларына ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, архив мекемелеріне мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде аудандық бөлімдердің басшылары баяндады. 

Жиын қорытындысы бойынша Павлодар облысы мемлекеттік архивінің басшысы Н.Ә. Ахметова облыстың архив қызметіндегі жұмыстың бұдан әрі тиімді атқарылуы үшін қордаланған мәселелерді шешу бойынша бірқатар шаралар қабылдай отырып, бірінші кезекте атқарылуы тиіс міндеттерді айтты, сондай-ақ ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша берілетін есеп пен алдағы 2019 жылға арналған архив қызметін дамытудың жоспарын уақытылы жасау керектігін ескертті.