«Рухани жаңғыру: «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының архив саласында жүзеге асырылуы» атты республикалық әдістемелік семинар

2018 жылғы 10 қазанда Павлодар қаласында Павлодар облысының мемлекеттік архиві базасында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «Рухани жаңғыру: «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының архив саласында жүзеге асырылуы» атты республикалық әдістемелік семинар өткізді.

Шара С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері кітапхана фойесінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабына арналған тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырды. Жинақтау және құжаттама басқармасының басшысы Ж. Зейнелов көрмеге қойылған экспозициялар бойынша қызықты әрі мағыналы экскурсия жүрзді.

Семинарға жиналғандарға Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г.Қ. Баширова құттықтау сөзін арнап, қазіргі заманда ақпараттарды цифрландырудың маңыздылығын атап өтті.

Павлодар облысының мемлекеттік архиві басшысының міндетін атқарушы М.Қ. Ақанов іс-шараға қатысушыларға Павлодар облысының мемлекеттік архивіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві қорының құжаттарын сандық форматқа көшіру барысы туралы баяндап берді. Сонымен бірге, облыс мемлекеттік архивінің электронды архив құру үшін, «Электронды архив» электронды жүйесінің жай-күйі талдау жасау және техникалық міндеттерді әзірлеуде Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің тәжірибесіне жүгінгендігін, қажетті құрылғылардың сатып алынғандығы, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің жұмыс режиміне жүйенің енгізілгендігі туралы айтты.

Архивтік құжаттарды цифрландырудың проблемалары мен келешегі жайлы «Архивтік құжаттардағы цифрлы формат: мәселелері мен болашағы» тақырыбымен «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ архив жұмысы және әдіснама бөлімінің басшысы С.Н. Тащанованың баяндама жасады.

Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Б.Ә. Жапаров Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне электронды архивітің қалай енгізілгенді жайлы баяндап, архивтік құжаттарды сандық форматқа көшіру бойынша дайындық жұмыстарының кезеңдерін айтты. Сонымен қатар, архив саласындағы жинақтаған тәжірибелерімен және ақпараттық-іздестіру жүйесін дамыту бағытындағы перспективаларымен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Архивтік технологиялар басқармасының басшысы Б.Ж. Шайлазымов Қазақстан Республикасы Президенті Архивіндегі «Электрондық архив» ақпараттық-іздестіру жүйесінің артықшылықтары және архивтік құжаттарды сандық форматқа көшіру бойынша алдағы жұмыстар туралы айтты.

«Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясының директоры мен қызметкерлері мемлекеттік архивтерге арналған электронды архивтің типтік үлгісінің презентациясын көрсетті. 

Семинар жұмысы пікір және ой алмасулармен аяқталды. Кездесуге қатысушылардың барлығы семинар тақырыбының және тәжірибе алмасудың аяқталмағандығын, архивтік құжаттарды цифрландыру жөніндегі күрделі міндеттерді шешу және электронды архивті енгізу жұмысы бұдан әрі болатын ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болатындығын айтып тарқасты.

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...