Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі туралы

Павлодар облысының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі қолданысқа енгізілгендігін хабарлайды.

          Тізбеге министрліктердің, ведомстволар мен басқа да мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметі үдерісінде жүзеге асырылатын бірізді басқарушылық функцияларды құжаттау кезінде жасалатын құжаттар енгізілген.

         Тізбе ұйымдарда құжаттардың сақталуын және іс жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге жұмыс жасайды, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын құжаттардың сақтау мерзімдерін анықтау, сақтау мен жою үшін құжаттарды іріктеу кезінде басшылыққа алынады. Сонымен қатар, Тізбе ағымдағы іс жүргізуді классификациялау, істерді қалыптастыру және номенклатураларды жасау үшін әдістемелік құрал ретінде пайдаланылуы да мүмкін.

         Аталған Тізбенің ерекшелігі электронды цифрлы қолмен куәландырылған электронды құжаттарды есепке ала отырып, әзірленгендігі болып табылады.

         Тізбенің мазмұны мен құрылымы жайлы толық ақпаратты Павлодар облысы мемлекеттік архивінің ресми сайтынан – arhiv.pavlodar.gov.kz ала аласыздар.

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...