«Павлодар облысына – 80 жыл. Павлодарской области – 80 лет»

2018 жылдың 15 қаңтарында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысының 80 жылдығына арнап, Павлодар облысының мемлекеттік архиві дайындаған «Павлодар облысына – 80 жыл. Павлодарской области – 80 лет» фотоқұжаттық көрме мен облыстық кітапхана дайындаған «Павлодар Ертіс өңірінің шежіресі» атты кітап көрмесінің тұсаукесері болып өтті. 

Көрмеге облыстың құрылуы мен даму тарихын және өңіріміздің қазіргі тыныс-тіршілігін бейнелейтін 100-ге жуық фотосуреттер мен құжаттар, сондай-ақ 300-ден астам кітап қойылды.

Көрменің мақсаты павлодарлықтарды туып-өскен өлкесінің тарихымен таныстыру, туған жеріне, қаласына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу, облыстағы табиғи байлықтармен таныстыру, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, әдеби, мәдени және ғылыми өмірі туралы ақпараттандыру болып табылады.  

Көрменің тараулары облыстың құрылуы мен даму тарихын, павлодарлықтардың Ұлы Отан соғысында жан беріп, жан алысқандығын, облыстың тың және тыңайған жерлерін игерудегі жастардың құлшынысын, Ертістің Павлодар өңіріндегі алып өнеркәсіптердің құрылыстары, ауыл шаруашылығының, білім беру, денсаулық сақтау салаларының дамуы жайлы, облыс тұрғындарының мәдени өмірі туралы, сондай-ақ тәуелсіз алған жылдардағы инновациялық жобалардың іске асыуы, өндіріс орындарының ашылуы, әлеуметтік-мәдени бағыттағы жаңа кәсіпорындар мен нысандардың пайдалануға берілуі туралы баяндайды. 

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...