ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ

2017 жылғы 27 қараша күні С.Торайғыров атындағы облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапханасының көрме залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ» атты фотоқұжаттық көрменің ашылуы өтті.
Көрменің ашылуына латын қарпіне көшу жұмыстарын түсіндіру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, тарихшылар мен өлкетанушылар, БАҚ өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, архив және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Облыс мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Т. Райымбеков көпшілік алдында құттықтау сөз сөйледі. 
Ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында дамытудың негізгі бағыттарын айқындап бергендігін, қазақ тілінің латын қарпіне көшуі қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртуға бағытталған қазақстандық қоғамды дамыту жобаларының бірі екендігін атап өтті. 
Сондай-ақ, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бұл уақыт талабы, ұлттық бірегейлікті сақтауға шақыру мен Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы беделін арттыратындығын айтты. 
Тархишы-архивист, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, КСРО архив ісінің үздігі Вера Дмитровна Болтина көрменің ашылуында сөз алып, көрмеге қойылып отырған құжаттар зерттеушілердің қолына әлі тимегендігін айтты. Оған қоса қазіргі саманғы тарихта қазақ тілі әліпбиінің ғаламдық тұрғыдан қайта жасалып жатқан таңда, қызықты бұл құжаттар аса құнды болып есептелетіндігін атап өтті.    
Ресми сәлемдесуден кейін, көрменің ашылуына қатысушылар ХХ ғасырдың 1929-1940 жылдардағы өңіріміздің тарихы жайлы қызықты құжаттармен танысты.
Көрме жұмысы 2017 жылғы 20 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...