«В степном краю взращенная душа» конференция

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы (Теміртау қ.) П. Васильев мұражай-үйімен бірге. (Павлодар қ.) ZOOM платформасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «В степном краю взращенная душа» конференциясын ұйымдастырды.

 Конференцияға Қарағанды облысы музейлерінің қызметкерлері, Теміртау қаласындағы «Магнит» әдеби бірлестігінің мүшелері, Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының (КарЛАГ), Павлодар облыстық көркемсурет мұражайының қызметкерлері қатысты. Кездесуде ақын П.Васильевтің өмірі туралы үй-мұражайы дайындаған фильм көрсетілді. П. Васильевтің өлеңдері оқылды.

Павлодар облысының мемлекеттік архивінің «1930-1940 және 1950 жылдардың басындағы жаппай саяси қуғын-сүргін» тақырыбы бойынша құжаттарды жинау жұмысы туралы облыс мемлекеттік архивінің ғылыми-ақпараттық қызмет бөлімінің басшысы Н.А. Кубик айтып берді

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...